<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29      

Оқу мекемесінің тарихы

Mukawev

   Біздің оқу мекемеміз 1938 жылы Успен ауданының Ильичевка ауылында құрылған және «М.Горький атындағы механизация мектебі» деп аталған. Мектеп тракторшыларды дайындаған.

   1959 жылы мектеп Успен ауылына көшірілген және «№ 95 Ауылшаруашылық механикаландырылған училищесі» деп аталды. Бірінші басшысы боп В.М.Мукашев тағайындалды, 1958 жылдың 22 желтоқсанынан бастап директордың міндеттерін атқаруға кірісті. «№95 АШМУ»-де 1961 жылдың қараша айынан бастап 3-дәрежелі слесарь біліктілігімен «Кең профилді тракторшы-машинист» мамандығы бойынша оқу сабақтары басталды. Ол кезде топтар №1,№2,№3,№4,№5, №6 деп аталатын. Материалды-техникалық базаны қолдау үшін тракторлерді Надаров РТС-нен әкелетін.

   Мектепте Башкұрт АССР, Татарстан АССР, Удмұрт АССР, Марий АССР, Таджикстан АССР адамдар оқиды.

   1965 жылдың 1-сәуірінен бастап В. М. Мукашев құрметті еңбек демалысына шықты.

 

chukanov

   1965 жылдың 26 наурызынан бастап директорлық қызметке В.Г.Чуканов кірісті. Ал 1965 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепті «№95 Успенкалық ауылдық кәсібі техникалық училище» деп 1965 жылдың 29.09. №2124 бұйрығымен атауын өзгерті. 1966 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқу жылы басталды деп есептеледі.

   1971 жылы Павлодар индустриалды институтінде және «Қазақстаның 30 жылдығы»атындағы колхозда училищені филиалдары ашылды.1971 жылдың қабылдау нәтижесі 8 топ құрады және 240 адамнан тұрды. Училище кең профилды механизаторлар, электргаздәнекерлеушілерді, комбайншілерді, және машинамен сүт сауышы шеберлерін дайындады. Он екі жыл училищемен басқарған В.Г.Чуканов, ол мектептің дамуына үлкен үлес қосты. Оның кезінде оқу корпусы, коғамдық-тұрмыстық корпус, жатақхана, оқу шеберханалары, зертханалар, қызметкерлер үшін тұрғын үйлер салынды. Тәжирібелік сабақтар өткізу үшін 1004 га жалпы көлемімен оқу шаруашылығы және 4га оқу полигоны құрылды. Оның басқарған кезінде училище Республикада ең үздік ауылдық кәсібі училище атағын иеленді. Училище бірнеше рет облыстық және республикалық байқауларға қатысты.

 

   1974жылы №95 СПТУ орта білімімен келесі мамандықтар бойынша «Кең профилды тракторшы-машинист» жүргізуші біліктілігімен, «Электр жабдықтарына қызмет көрсетуші электромонтер», «Ауылдық құрылыс шебері», «Газэлектрдәнекерлеуші», «Аспаз», «С санатындағы жүргізуші» жұмысшыларды дайындауға көшті.

   1977 жылдың 1 ақпанынан бастап директордың қызметіне А.Ф.Жураковский кірісті, ол оқу корпустарының және жатақхананың құрылысын әрі қарай жалғастырды

 

 

 

 

   1984 жылдың 6 сәуірінен бастап жаңа директор боп А.А.Ураскин тағайындалды. Осы жылдан бастап «№25 Успенка ауылдық кәсібі-техникалық училище» деп аталады. Училищенің базасында 1988 жылы республикалық кәсібі шеберлік байқауы өткізілді. Училищенің команда өкілдері, келесі: кең профилды тракторшы-машинист, ауылдық электрфикациялау электрмонтер- жүргізуші мамандықтар бойынша жүлделі орындарға ие болды.

   1989 жылы А.А. Ураскинды «Искра» колхозына жұмысқа ауыстырады.

 

 

 

 

 

 

   1989 жылы директор қызметіне В. П. Романовский қабылданды, в 1998 жылы училище өз аталуын жаңа « №25 Успенкалық кәсібі- техникалық мектебі» атағына өзгерті. Қайта құру жылдары, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мәртебесін алу жылдары оқу мекемесі үшін өте ауыр өзгеріс кезендері болды, оқу шеберханалары, жатақханалар, асханалар жабылды. Мектеп дайындайтын мамандықтар коғамға кажетсіз болды, сондықтан мектеп жаңа жол табуға тырысты.

 

 

 

 

   1999 жылдың шілде айында директордың міндетін атқарушы болып Г. В. Сагайдак тағайындалады.

   2000 жылдың наурыз айынан бастап білім мекемесінің жаңа басшысы Д.Н.Наукенов болды. Жаңадан шеберханалар, зертханалар, 80 орынды асхана, 85 адамға жатақхана, кітапхана, спорт зал, дискозалдар өз жұмыстарын бастады. Жаңа мамандықтар еңгізілді: ауылшаруашылық өндірісінің шебері (жалгер), тамақтану өндірісінің шебері (аспаз), әмбебап-тігінші, ЭЕМ операторы, «С» санатағы жүргізуші». 1999жылмен қарастырғанда 115 оқушыдан оқитындардың саны әлде қалай 215 адамға көбейді.

 

 

 

 

 

    2003 жылы мектепке «№25 Успенкалық кәсібі мектебі» жаңа атауы берілді. 2009 жылы мектептің аталуын қайтадан «Успен ауданының № 25 Кәсіптік лицейі» ММ деп өзгерті.

   2012 жылы лицей "№23 Успен колледжі "КММ деп жаңадан аталады. Павлодар облысы әкимдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы «Павлодар облысының мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» № 401/13 қаулысы және заңды тұлғаны 2014 жылғы 01 сәуірдегі мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы негізінде колледж «Успен аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК жаңа атауына ие болды.

 

 

 

 

   2016 жылдың наурыз айында "Успен аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК басшысы ретінде М.С.Төлеубаев тағайындалды.

ҚР Президентінің Жолдауы

 

Мемлекеттік рәміздері ҚР

Войти на сайт

 

Поиск по сайту

Статистика сайта

Сегодня9
Вчера21
За неделю59
За месяц370
Всего26854